Бектау-Ата тумасы, сыныптас досымыз Жолдин Ерлан Дартайұлы ортамызда жүргенде, 18 қазан күні 50 жасқа толар еді…
Тау-тастың қыраны едің, еркін ұшқан,
Сүйсініп қарайтындай елің, дұшпан.
Жігіттің сұлтаны едің, дара тұлға,
Батырып кете бардың қара мұңға.
Ізетті едің, қамқор едің, пәк едің,
Туысқа деген көңілің сенің ақ еді.
50-ге де толмай кетіпсің-ау,
Әркімнің өлшеулі екен ғой ғұмыры.
Жайдары, дархан көңіл мінезіңмен,
Жаны пәк, қамқор, адал тілегіңмен.
Жар болдың, әке болдың мейірімді,
Ақкөңіл, аңқылдаған жүрегіңмен.
Жасамаған жасыңды,
Жасасын енді, бауырларың.
Көрмей кеткен қызықты,
Көрсін енді балаларың.
Қимаймыз, еске аламыз, ұмытпаймыз,
Бақи бол, имандының бірі сенсің.
Жатқан жерің жарық болсын,
Топырағың торқа болсын!
Шапағатың нұрға толсын!
Әруағыңмен жебей бізді,
Артыңдағы ұрпақтарың аман болсын!
Еске алушылар: №3 мектеп-интернатында бірге оқыған сыныптас-достары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login