Руы – Керней-Түйте-Қабыл, ардақты әке, жанашыр бауыр, немерелерінің сүйікті атасы Ермолдин Көпжасар Боқтыбайұлы тірі болғанда 16 қазанда 62 жасқа толар еді. Әкеміздің жарқын бейнесі мәңгі жүрегімізде.
Бәрімізді еркелеткен сонау бала кезден-оу…
Сенің адал еңбектерің бағаланбас сөзбен-ау.
Жаны жайсаң, мейірімді, ақкөңіл,
Сағындық қой дауысыңды, асыл, алтын әкем-ау.
Ауырсаң да, соңы жақсы болады деп ойлаппыз,
Бейғамдық па, жақсы ойдан басқаға ден қоймаппыз.
Дәл осы күн! Сіз болғанда арамызда әкешім,
Туған күнің 62 жасты, отырар-ек тойлап біз.
Жан дүниең пәк еді ғой, біздерге ақ ниетте,
Армандар көп ойымызда, айтылмаған тілек те.
Жатқан жерің мамық болсын, жарық болсын мекенің,
Көп арманның бірі болып тұрсың мәңгі жүректе.
Батамыз бағышталған қабыл болсын,
Мекеніңе Алланың нұры толсын.
Аруағыңыз біздерді жебей жүрсін,
Ұрпағыңызға артыңдағы бақыт қонсын!
Еске алушы: балалары: Ғалым-Мейрамкүл, Берік-Сая, Нұржан-Еркеш, немерелері, жиендері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login