Балқашта 350 отбасы мемлекеттен тұрғын үй көмегін алып отыр

Қаржылай қолдау! Балқашта 350 отбасы мемлекеттен тұрғын үй көмегін алып отыр. Оларға коммуналдық шығынды жабу үшін жергілікті бюджеттен 7 млн жуық  қаржы бөлінген. Ал мұндай көмекті табысының 8 пайызын жарық, су, жылу ақысын төлеуге жұмсайтын отбасылар ала алады. Бөлінетін ақша көлемі әрбір жанұяға жеке есептеледі. Мысалы, егер жанұның ортақ табысы 84 мың теңге деп алайық. Бұл соманың 8 пайызы  6720 теңге. Ал коммуналдық шығындарды төлеуге 18 мың теңге жұмсалады. Яғни 8 пайыздан көп. Әрі қарай 18 мың теңгеден алдында шыққан 6720 теңгені азайтамыз. Сонда тұрғын үй көмегі ретінде мемлекеттен төленетін жәрдемақының көлемі шығады.

Гүлмира Махтбекова – төлемдерді тағайындау секторының меңгерушісі

«Ай сайын тұрғын үй көмегі беріледі. Бірақ, олар жаңағы коммуналды мемлекеттердің берген тізімдері бойынша есептеледі.   Құжаттар  мемлекеттік корпорация арқылы өткізілу керек.

                               Тұрғын үй көмегі беріледі:

Тұрақты тұратын, осы тұрғын үйде тіркелген аз қамтылған отбасыларға

  • Балқашта (меншік иесіне немесе жалдаушыға)
  • Іргелес кенттерде (меншік иесіне немесе жалдаушыға )

              Тұрғын үй көмегін есептеу. Мысалы:

Отбасының жалпы табысы= 84 000 тг

жанұялық табыстың 8% = 6 720 тг

коммуналдық шығынның көлемі= 18 000 тг

тұрғын үй көмегі ретінде берілетін  қаржы көлемі = 18000 – 6720 =  11 280 тг

 

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture