Балқашта 3 көшені су басты

Сейфуллин  көшесінде  құбыр  жарылып,   өзге  үш көшені   су басты. Салдарынан    ондағы  21 үй кешеден бері ауыз суға  жарымай отыр.

Кешеден бері   аққан су  мына  дүкенге кесірін  тигізуде. Өйткені, оған  тек жерге  төселген тақтайша  арқылы кіріп  шығуға  мүмкіндік  бар. Бірақ  ол барлық тұрғындарға  ұнай бермейтіні анық. Салдарынан сауда  тоқтап қалды дейді  сатушы.

Татьяна  Разумова-  дүкен иесі

«Мұндай проблема  жыл сайын. Қысы-жазы,су ақса, қар ақсада осы. Себебі, бардюрлердің  жоқтығынан  судың барлығы  дүкенге  келіп ағады.  Одан сатып алушылар кіріп-шыға алмайды.Қиындық  туғызады.Саудада жүрмей  қалады.»

Ал  судың  өзендей  болып ағуына   Сейфуллин көшесіндегі   21 үйдің  артындағы  апат  себеп.  Кеше онда 50 жылдары  салынған жер астындағы су  құбыры жарылып,  құдықтардың барлығы суға  толып  кетті. Одан аққан ауыз  су  екі  күннің  ішінде  Сейфуллин, Ағыбай  Батыр, Желтоқсан  көшелеріне  дейін  жайылды. Тіпті,  21 үй  ауыз судан қағылды.

Талғат  Ежебаев- « Балқаш Су» КМК   басшы  міндетін атқарушы

 «Сейфуллин көшесіндегі  жарылған   су құбыры  21 үйге баратын жарылған.Сондықтан қазір оның задвишкасын  ауыстырып,21 үйге су береміз.Сейфуллин 21  үйге  ауыстырғаннан береді.Ол шаруаларды бүгін бітіреміз. »

Бүгін  4  адамнан құралған  1 бригада бір жарым метрлік  құдықтарды судан арылтып,  құрғатты. 2 тиекті   жаңасына ауыстырды. Тіршілік нәрінсіз қалғандарға  су берілді. Бірақ,  апат  орын алған Сейфуллин  көшесіндегі 21 –ші   үй  суық суға тек  ертең   қосылатын болады. Коммуналшылар   онда  15 метрлік  құбырды ауыстырады.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture