Балқаштың орталық көшелері мал жайылымына айналды

Балқаштың орталық көшелері мал жайылымына айналды. Аттар мен сиырлардың көл жағасында және саябақтарда жайылып жүргенін қала тұрғындары суретке түсіріп алған. Мәселен мұнда бірнеше жылқы шаһардың қақ ортасындағы мәдениет сарайының алдында тұр. Тұлпарлардың тағы біразы нанкомбинатының маңынан табылса, мына кадрлардан №17 м\а орталық көшеде жүрген сиырларды көруге болады.

Көл жағалауының да  жайылымға айналған. Анықталғандай, заңда мұндай жағдайда жануарлар иесін жауапқа тарту қарастырылмаған. Тек мүлікке зиян келгенде ғана шара  қолданылады екен.Осыны ескерген жергілікті билік жануарларды ұстау ережесіне өзгерістер енгізіп, оны  облыста бекіткен. Енді жаңа ережелерге тағы бір инстанция өз келісімін беру керек. Содан кейін барып мал иелері жауапқа тартылмақ.

Самат Молдаханов –ветеринария бөлімінің жетекшісі

«Осы қағидалар қабылданғаннан кейін, әділет департаментінің бекітуінен өткеннен кейін, қарым-қатынас басқаша болады деген сенімдеміз.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture