Жылдық ас Саркенұлы Несіпбек

Ақтоғай ауданы, Еңбек созхозының тумасы Сана бидің ұрпағы, руы Тобықты – Ақсақ — Қожантай, әкеміз Саркенұлы Несіпбектің қайтқанына 1 жыл толады.

Жылдық асы 14-ші қазан күні, сағат 12.00-ден бастап «СОЗВЕЗДИЕ» дәмханасында ас береміз. Құда-жекжаттарға, туыстарға, көршілерге, дос-жарандарға, балаларының еңбек ұжымына хабарлаймыз.

Дүние, шіркін, тар ма екен,

Ернеуі кетік жар ма екен?

Айналайын, әкем-ай,

Өзіңдей асқақ бар ма екен?!

 

Дүние, шіркін, тар ма екен.

Армансыз пенде бар ма екен,

Әкемді алған құдай-ау,

Жақсыларға зар ма екен?

 

Бір Аллаға жылайын,

Көзімнің жасын бұлайын.

Айналайын әкеме,

Жұмақтан орын сұрайын.

 

Асқақтап тұрған тауым ед,

Арайлап атқан таңым ед.

Иманды болсын, әкешім,

Дұғамды Алла қабыл ет.

 

Жүрегі толқып елжіреп,

Ботадай көзі мөлдіреп,

Алдымнан менің кім шығар,

Жаңагүлім  келді деп.

 

Аңқылдаған жүрегі,

Көңілі пәк жан еді.

Бәйтерегім сұлады,

Асқар тауым құлады.

 

Жатқан жерің жайлы болсын,

Топырағың торқа болсын.

Қараңғы жерің жарық болсын,

Дұғамыз қабыл болсын!

Әмин!

Ас берушілер: жұбайы —  Дамет, балалары, немерелері.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture