Руы – Тобықты-Жайлау, қимас бауыр, жан әке Ақымбеков Нұрбақыт Ақымбекұлы бүгін тірі болса, қазанның 12-ші жұлдызы күні 70 жасқа толар еді.
Амал қанша, сұм ажал ортамыздан ерте алып кетті. Әке, топырағың торқа, жаның жәннатта, тәнің рахатта болсын, қабірің иман нұрымен, құран нұрымен нұрлансын! – деп, Алладан тілейміз. Біздің өмірімізде өшпес сәулесін қалдырған ардақты әкемізді еске ала отырып, мына өлең жолдарын арнаймыз:
Асыл әке, сағындым бір өзіңді,
Мейірімді ақжарқын нұр жүзіңді.
Бауырыңа басым қойып еркелейтін,
Сағынам бақытты сол кездерімді.
Өзің жайлы айта алмаймыз тауысып,
Ел айтады, жұрт айтады жарысып.
Көпшіліктен алған алғыс, сауабың,
Жатқан шығар, рухыңменен қауышып.
Жайқалып жемістерін берер бағың,
70-ке бүгін толар тойлар шағың.
Әттеген-ай, арманда кете бардың,
Үзілмеген үмітпен болып сағым.
Сағынып еске аламыз өзіңізді,
Ақылмен айтқан жылы сөзіңізді.
Сізге арнап бүгін дұға бағыштаймыз,
Мәңгілік сақтап есте жүзіңізді.
Анамыз да жүрмеді жанымызда,
Амал қанша жаратқанның жазуына.
Еске алып өздеріңді, дұға бағыштаймыз,
Тек жақсылық берсін деп ұрпағыңа.
Еске алушылары: балалары, немерелері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login