Балқаштықтар «Номад ММА» ден әлем чемпионы атанды

Балқаштықтар «Номад ММА»  спорт түрінен өткен Әлем чемпионатынан 2 алтын, 1 күміс, 1қола медальмен оралды. Ал сайысқа 11 мемлекеттен 8 бен 17 жас аралығындағы 500 ден астам спортшы қатысқан. Солардың арасынан 2 жерлесіміз өзіне қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды. Олар Аман Әлихан және Максим Дюсупов. Бірі 60, бірі 57 келі салмақта өнер көрсетті. Сондай-ақ бұл жарыста Берік Төлеутаев ақтық сында өзбекстандық спортшыға есе жіберіп, екінші орыннан көрінді. Ал Максим  Перов жартылай финалда отандасымен қола жүлдеге таласқан. Нәтижесінде бұрынғы қарсыласын ұпай бойынша жеңіп, үшінші орынға тұрақтады. Ал жалпы Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 38 алтын медальмен бас жүлдені еншіледі.

Владислав Дю- «Nomad MMA» әлемдік федерациясы кеңес басқармасының президиум төрағасы

«Бұл әлемдік жарыста балқаштықтар өте жақсы өнер көрсетті. Сайысқа Балқаштан 7 бала барды. Солардың 4 жеңіспен оралды. Аман Әлихан 2 дүркін чемпион атанды.  Бұл өте жақсы жетістік деп ойлаймын.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture