Қаланың құрметті азаматы Жылқыбай Беисов өмірден озды

Балқаш қаласы  құрметті  азаматынан айырылды. 12 қазан күні  » Социалистік  Еңбек ері»  атағының  иегері Беисов   Жылқыбай Беисұлы 92 жасына  қараған шағында   дүние салды.  Өз өмірінің  55 жылын комбинатқа арнаған   бір туар  тұлғамен қоштасу  рәсімі   жексенбі   күні   орталық алаңда өтеді. 

Бұл наурыз айында  Жылқыбай  Беисовті түсірген  соңғы кадрлар.  Онда  қаланың  активистері   92 жастағы  қарияны   Ұлыстың Ұлы  күнімен  құттықтап, сый-сияпаттарын   беру үшін келген еді. Сол  кезде ыстық ықыласқа риза  болған  қарт тек бейбітшілік болсын, деп дұға жасады.

Жылқыбай Беисов 1925 жылы   Павлодар облысында дүниеге келген. Еңбек  жолын  1942 жылы  Балқаштағы   байыту фабрикасына классификаторшының көмекшісі болып бастаған. Одан кейін ауысым  басшысы  болып қызмет  атқарды.   Өз өмірінің 55 жылын комбинат өміріне арнаған. Осы еңбегі еленіп, 1960 жылы    «Социалистік  Еңбек ері»,  1993 жылы «Балқаш қаласының  құрметті»  азаматы  атағын  иеленеді. Сонымен бірге «Ленин», «Халықтар достығы» ордендерімен және көптеген медальдарымен марапатталған.

Балжан Уәлиева- «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС«Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

 «Ол кісіні айтуға болады  үлкенмен  үлкен, кішімен кіші бола алатын адамның бірі сол тұғын.0403  Ол кісі  көпті  көрген кісі ғой.Совет кезіндегі қазақтардың бетке ұстар азаматтарының бірі болған кісі  ғой.Сондай адамды   жол сапарына   шығарып салайын деп  жатырмыз.Әрине,  өкініште  сондай адамдар өмірден кетіп жатқаны.»

Ал осындай  біртуар  тұлғаны соңғы  сапарға  шығарып салу   рәсімі  15 қазан күні  «Тәуелсіздік  алаңында»  өтеді.  Қоштасу  митингі  сағат  8.30  басталады.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture