Жылдық ас Сыдықұлы Құлжабек

Руы – Қожа, Сыдықұлы Құлжабектің өмірден қайтқанына 1 жыл толады.

Марқұмның аруағына құран бағыштап 12 қазан күні Ащыөзек станциясында ас беріледі. Туған-туысқандарға, құда-жекжаттарға және барша танитын жамағатқа хабарлаймыз.

Әке деген асқар тауың, орманың,
Әке деген жұбанышың, қорғаның!
О, адамдар бар кезінде Әкені,
Қадірлейік,өкініште болмағын!

Теңедің мені сәби кезде балапанға,

Өсірдің еркелетіп алақанда.

Жер шарының бар асылын жинағанмен,

Өзіңдей алтын АТА табылар ма?!

 

Бас иеміз бұйрығына жаратқанның,

«Тәуба» дейміз көріп бүгінде таң атқанын.

Құран оқып, аруағыңызға бағыштаймыз,

Ниеттері қабыл болсын деп, қол жайғанның.

 

Қол жайып «Әумин» — деп бата оқып,

Жүреміз талай барып қабіріңе!

Мейіріммен жымиған күлкіңізді,

Еске алып, мәңгілікке сағынамыз.

Жатқан жерің, жан әке, жайлы болып,

Сәуле шашып тұрсыншы қабіріңде.

Ас берушілер: ұлы – Жақсылық, келіні – Мейрамғайша, немере-шөберелері.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture