Балқашта ең үздік еңбек әулеті анықталды

Кеше мәдениет сарайында қалалық «Еңбек жолы»  байқауының жеңімпаздары марапатталды. Биыл осымен 2 жыл ұйымдастырылған конкурстың жүлдегерлері дауыс беру арқылы анықталды. Оның нәтижесі бойынша «Үздік  еңбек әулеті» номинациясында  5015 дауыс жинап, 13 отбасының арасынан  суырылып алға шыққан Қанат Керімбаевтың жанұясы бірінші орынды иеленді. Бұл  әулеттің «Қазақмыс Смэлтинг» компаниясындағы жалпы жұмыс тәжірибесі 104 жылды құрайды.

Қанат Керімбаев-«Үздік  еңбек әулеті» номинациясының жеңімпазы

 «Әкемізден басталды бұл династияның құрылуы. Әкеміз сонау 60 шы жылдары осында келіп  сол кездегі БГМК жұмысқа тұрып, 25 жыл жұмыс істеп зейнетке шықты.  Қазіргі уақытта әулетіміз бойынша 4 ағайынды істеп жүрміз. Менің ұлым істеп жүр. Жиенім істеп жүр. 6-7 адам сонда жұмыс істеп жатырмыз».

Ал Валентина Мозаль  «жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»  атанды. Түсті металлдар зауытының темір ұстасы 3304 дауыспен басқа 14 қатысушыны артта қалдырған. Соңғы  «Үздік жас жұмыскер» аталымы бойынша 10 жас маман бағын сынапты. Солардың арасынан «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясының Балқаштағы филиал қызметкері Олжас Ерменбетов 2622 дауыспен жеңімпаз атанды. Шарада 2,3 орыннан көрінген жүлдегерлердің барлығы дипломмен және тұрмысқа керекті техникамен марапатталды.

 

Олжас Ерменбетов-«Үздік жас жұмыскер» номинациясының жеңімпазы

«Бұл енді жетістіктің бастамасы деп ойлаймын. Алдағы уақытта жақсы жұмыс атқарып, болашақта басқа да жүлделер алуға тырысамыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture