Балқашта алып алақандар пайда болды

Балқашта металдан жасалған алып алақандар пайда болды. Ерекше композиция оқушылар сарайының алдына қойылды. Жаңадан орнатылған нысан елдің қызығушылығын тудыруда. Әсіресе суретке түсуге келген елдің қарасы көп.

Гүлашт Байтөкешова-тілші

«Оқушылар сарайының алдында селфи жасайтын жаңа орын пайда болды. Металдан жасалған бұл композиция кеше ғана  орнатылғанымен, қазірдің өзінде мұнда ондаған адам фотоға түсіп үлгерді. Түрлі түске боялған мына 4 алақан 5 саусағынан бал тамған, өнерлі ұжымды білдіреді. Идея интернеттен алынған. Ал оны жергілікті мердігерлер жүзеге асырды. Композицияның ұзындығы 10, биіктігі 2 метрден асады. Деседе, әлі аяқталған жоқ. Енді төбесі жабылмақ.

Айман Иешова-оқушылар сарайы директорының м.а

«Биылғы жылы оқушылар сарайы күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Алдындағы металдық құрылым «менің отбасым»  деп аталады. Бұған жергілікті бюджеттен 2 млн, 950 мың теңге бөлінді». 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture