Құттықтау Жолжанов Қанат Мүбәракұлы

Сүйікті жиеніміз Жолжанов Қанат Мүбәракұлын 50 жас мерейлі туған күнімен құттықтаймыз! Тағдырыңда таршылық көрмей, тәтті ғұмыр кеш! Ағайын-туыстың ортасында осы бір жайдарлы мінезіңмен қуанышқа ортақтасып, аман-есен жүре бер. Алла жасыңды ұзақ қылсын!

Құтты болсын келген туған күніңіз,

Тілекші көп, біз де соның біріміз.

Ортамызда жанашыр боп жүресің,

Болғаннан соң бірге шыққан түбіміз.

 

Әрдайым Алатаудай аңсап жүрем,

Атыңды асқақтатып ән сап жүрем.

Жаныңа титтей кіршік түспесін деп,

Қанат, періштеңдей қоршап жүрем.

 

 

Ұрпағыңның асқар таудай арманы,

Тек өзіңсің шаңырақтың қорғаны.

Біз қасыңда ойнап-күліп жүрейік,

Ардақты жиен, аман жүрсең болғаны.

Т/б: нағашылары

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture