Қымбатты, Тышканбаев Ерғазы! Сізді бүгінгі 63 жас туған күніңізбен және зейнеткерлікке шығуыңызбен құттықтаймыз! Денсаулығыңыз мықты болып, арайлап атқан әр таңыңыз тек қуаныш әкелсін, немерелеріңіздің қызықтарына тоймай, ортамызда ойнап-күліп жүре беріңіз. Алла жасыңызды ұзақ қылсын!
Көңілің көлдей толып, тасысын,
Жақсылық жасауға тек асығасың.
Ер жігіт ат үстінде жүргенінде,
Білемін, досынан да қасы басым.
Көп көрдіңіз жақсыны, жаманды да,
Айырасыз адал мен арамды да.
Қажырлы еңбегіңмен сыйлы болып,
Беделдісіз ұжым мен жар алдында.
Т/б: жұбайы – Гүлбаршын, балалары, немерелері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login