Асыл жар, ардақты ана, сүйікті әже Ахметова Күлия Укенқызы! Сізді бүгінгі 60 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Әрқашан өмірдің өрінде, отбасы төрінде, Алланың назарында болыңыз!
Ана сізбен әдемі біздің үйде,
Әдемі әнді ұластырар сәнді күй де.
Отбасының ұйытқысы берекесі,
100 жасаңыз әкемізбен мәңгі бірге!
Жан Ана, асыл Ана, аяулы Ана!
Жеткіздіңіз біздерді әр қияға.
Ақылшымыз, ардақтымыз әулетте,
Жүріңіз ортамызда күліп қана.
Тастаңыз қиындықтың сызып бәрін,
Ер жеттік біз кешегі бұзықтарын.
«Әжелеп» жан-жағыңда жүре берсін,
Бал тәтті немерелер, қызықтарың.
Т/б: жолдасы – Мылтықбек,
балалары, немерелері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login