Руы – Қырғыз-Найман, қимас бауыр, жан аға Стыбаев Жанатбек Қасымбекұлы бүгін тірі болса, 10 қазан күні 58 жасқа толар еді…
Амал қанша, сұм ажал ортамыздан ерте алып кетті. Бауырымызды сағына еске ала отырып «топырағың торқа, жаның жәннатта, тәнің рахатта болсын, қабірің иман нұрымен, құран нұрымен нұрлансын!» – деп Алладан тілейміз.
Ерте кеттің болған соң жарық жалған,
Көндік біздер қайғыға тағдыр салған.
Балалардың қызығын көре алмадың,
Орындалмай мәңгіге қалды-ау арман.
Жан бауыр, өзіңді біз сағынамыз,
Аруағыңа тәу етіп, табынамыз.
Ұмытпаймыз ешқашан есіміңді,
Табиғаттың заңына бағынамыз.
Жүрегің дархан жан едің,
Ұрпағыңа пана едің.
Жапырақ жайған жан аға,
Бәрімізге пана едің.
Келеді-ау деген үмітпен,
Еске алып туған күніңді,
Дастархан жайып отырмыз,
Аллаға деген медетпен.
Еске алушылар: бауырлары, жиендері, Қырғыздар әулеті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login