Балқашта жарық құны қымбаттайды

Балқашта электр энергиясына жаңа тариф бекітілді. Соған сәйкес 1 қарашадан бастап жарық құны қымбаттайды. «Қазэнергоцентр» жаңа бағаны енгізбес бұрын халықпен кездесіп, бұл мәселені жиында талқылаған болатын. Ол кезде компания өкілдері қуат көзінің 1 киловатын  16 теңге 13 тиынға көтереміз,  деген еді.  Ал кәсіпкерлерден 22 теңге алмақ болды.  Олар тарифты көтеру себептерін электр энергиясын жеткізіп отырған өзге компаниялардың өз тарифын қымбаттауымен түсіндірді.

Елена Кононирова – «Казэнергоцентр» ЖШС  экономисті

«Біз электр энергиясын сатып аламыз. Қуат көзін жеткізіп отырған компаниялардың қызметіне ақы төлейміз. Балқашта олардың саны 4. Соның екеуі қазір тарифын қымбаттатты».

Деседе, бұл мәселеге қатысты соңғы шешімді монополияға қарсы департамент қабылдады. Олар «Қазэнергоцентр»  компаниясы ұсынған бағаны емес өз бағаларын бекіткен. Енді 1 қарашадан бастап жарық құны үшін балқаштықтар 15 теңге 68 тиын төлейді. Бұл қазіргі тарифпен салыстырғанда 1 теңгеге қымбат.

Азамат Қаржанов-«Қазэнергоцентр» ЖШС коммерциялық –диспетчерлік қызмет бөлімінің басшысы

«1 қарашадан бастап жеке тұлғалар үшін тариф құны 15 теңге 68 тиын болып бекітілді. Ал заңды тұлғалар үшін 20 теңге 38 тиын. Егер электр энергиясын беріп отырған компаниялар тарифын қымбаттатпаса, әзірге осы баға қалады».

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture