5 күн бұрын жоғалып кеткен аңшының өлі денесі табылды. Құтқарушылар 55 жастағы марқұмды қамыстың арасынан алып шықты. Ол қазан айының төрті күні «Ортадересін» жаққа қарай көлікпен қайық, мылтықтарын алып аңға шыққан. Үйрек ауламақ болыпты. Алайда, 9 дейін үйге оралмағандықтан ұлы құтқарушыларға дабыл қаққан. Іздеу жұмыстарына дереу кіріскен 4 маман Балқаштан 27 шақырым қашықтықта 55 жастағы тұрғынның өлі денесін тапты. Марқұмды биіктігі адам бойынан асатын қамыстың арасынан алып шығып, полицейлерге тапсырды. Қазір аңшының неден қайтыс болғандығы анықталуда.
Дархан Қуанбаев-Судан құтқару бөлімінің басшысы:«Жоғалған адамның мәйіті түстен кейін жағадан 100-200 метр қашықтықта қамыстардың арасынан табылды. Полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Іздестіру жұмыстарына 2 техника, 4 адам жұмылдырылды.Іздеу шараларына биік қамыстар мен жердің батпақ болуы қиындық туғызды.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login