Балқаштық спортшы Республикалық сайыстың қола жүлдегері атанды. 15 жастағы Элдар Хамзин Жезқазған қаласында өткен еркін күрестен Республикалық турнирде Балқаш намысын қорғап келді. Онда Қазақстанның әр аймағынан 200-ге жуық спортшы қатысқан. Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәлімгері Элдар 58 кг салмақта белдесті. 5 жыл бойы еркін күреспен айналысып жүрген ол, бұл жарыста спорт шеберлігіне үміткер атанды.


Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login