Еске алу Стыбаев Жанатбек Қасымбекұлы

Руы Қырғыз – Найман, асыл жар, асқар таудай әкеміз, отбасының тірегі Стыбаев Жанатбек Қасымбекұлы тірі болса қазанның 10-шы жұлдызында 58 жасқа толар еді…

Біздің өмірімізде өшпес сәулесін қалдырған ардақты әке, аяулы жарды еске ала отырып, мына өлең шумақтарын арнаймыз.

58 жасты көре алмай жарқын жаны,

Күз ғұмыр тағы міне, салқындады.

Жұмақты нәсіп етсін, Жаратушым,

Ұрпағың аман болсын артыңдағы.

Сағынам сенің жылы сөздеріңді,
«Қызым» деп мейірленген көздеріңді.
Оралмайсың қайтейін, жаным әке,
Қан жылатты бұл қайғы жүрегімді.

Жүректесіз мәңгі біздің көңілде,
Жас таусылды көзден біздің төгіле.
Жайлы болсын жатқан жерің, Әкешім!
Самғап жүрші жәннаттың төр көгінде.

 

Жайдары, дархан көңіл мінезімен,

Жаны пәк, қамқор, адал тілегімен.

Жар болды, әке болды мейірімді,

Ақкөңіл, аңқылдаған жүрегімен.

 

Артыңда дұға етер жолдасың бар,

Балаларың шаңырақтың шамын жағар.

Қыздарың-күйеубалалар, немерелер,

Қол жайып, құран оқып бата қылар.

 

Сағынып еске аламыз өзіңізді,

Ақылмен айтқан жылы сөзіңізді.

Сізге арнап бүгін дұға бағыштаймыз,

Мәңгілік сақтап есте жүзіңізді.

 

Жатқан жерің жәннаттың төрі болып,

Жан «Әке» топырағың торқа болсын!

Иманың мәңгілікке жолдас болып,

Аруағың ұрпағыңды қолдай жүрсін!

Еске алушылар: жұбайы – Алмагүл, балалары – Асем, Айзат, Жанибек, немерелері.

 

один комментарий

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture