Еске алу Самат Сәменұлы

Ардақты әке, сүйікті жар, қадірлі дос, кластасс Самат Сәменұлы тірі болғанда 10 қазан күні 65 жасқа толар еді, өкінішке орай өмірден 50 жасында ерте озды.

Тірі болғанда мерейтойын дүркіретіп тойлар едік. Досымызды сағына еске ала отырып, Алладан рақым, Пайғамбарымыздан шапағат, топырағы торқа, жаны жәннатта, қабірі иман нұрымен, құран нұрымен нұрлансын деп Алладан тілейміз.

Ағарып таң атады-ай,

Сарғайып кеш батады-ай.

Саматымыздың жоқтығы,

Достары бізге батады-ай.

Жанға жайлы мінезіңмен кең құшағыңды жайып жүрсең де, кең дүниеге сыймай, шын дүниеден тапқан мекенің жұмақ болсын.

Болдың сен адал дос, ардақты,

Растар көз көргеннің бәрі мұны.

Баршаға құшағы ашық асыл достың,

Ертерек көк жүзінен өшті күні.

 

Берсін Алла жасыңды,

Артыңда қалған ұрпаққа.

Алла жар боп өзіңе,

Аруағың жебеп қорғасын.

 

Торқа болсын жамылған топырағың,

Тыныш ұйықта, жер бесікте дамылда.

Бір Алладан дұға оқып тілейміз,

Жай тапсын жаның жұмақттың жәннат бағында.

 

Таң қаламыз жалғанға,

Кім жетер дейсің арманға.

Келмеске кеткен досымыз,

Қайырын берсін қалғанға.

 

Еске алушылар: Зәуреш, Қуандық – Гүлім, Мағзам – Ақлима, Кәрібай – Балжан, Әбедхан – Бибі, Тұмар – Күлмарам, Серікбек – Тамара, Тілеуберген – Бибіжамал.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture