Құттықтау Сарыбаева Зюра Тәңірбергенқызы

Аяулы келін, ардақты жеңге  Сарыбаева Зюра Тәңірбергенқызын  70 жасқа  толған мерейлі тойымен   құттықтаймыз!

Мейірлі жүзіңіз, дархан пейіліңіз, қайсар жігеріңіз, бауырмал мінезіңіз баршамызға үлгі. Әрқашан жұлдызыңыз жоғары, еңбегіңіз бағалы, мерейіңіз үстем,  денсаулығыңыз зор болсын.

70 жасыңыз құтты болсын бүгінгі күн мерейлі,
Тілектерді айтайын бүлкілдетіп көмейді.
Ақ жаулығың ақылдың туы болған, Жеңеше,
Періштелер «әумин» деп тілегімді жебейді.

Шуылдассын айналып немерең мен шөберең,
Шаңырағың шайқалмай кеңейсін тағы керегең.
Көретін әлі қызық көп, 100-ден ассын ғұмырыңыз,
Ортамызда отырыңыз  ақыл беріп демеген.

Асулардан асуға өрлегенде,
Кез болды қиналған да, терлеген де.
Мерекелі мерейтой құтты болсын,
Жетпіске келген де бар, келмеген де!
Үлгі болды Әрқашан көпке ісіңіз,
Болашақта баянды бақ құшыңыз.
Шын ниетпен тілейміз – құтты болсын,
Желбегей шекпен киген жетпісіңіз!

 

Өміріңіз ұрпаққа өнеге мың,

Тілейміз қуанышқа бөленгенін.

Жүзге келіп, марқайып отырыңыз

Қылығына қуанып шөберенің

Ізгі тілекпен:  Сарыбаевтар, Хасановтар әулеті

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture