Асқар таудай әкеміз, ақылшымыз, бәрімізге аса қадірлі, бірімізге адал жар, бірімізге абзал әке, сүйікті ата Жабаспаев Бейбіт Омарбекұлын 60 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Тұлпардай болшы, қартайма, әке,
Сұңқардай болшы, шалқайма, әке.
Шаңырақ шаттық кереге болып,
Көңілің түсіп, ортайма, әке!
Әке деген асқар тауымыз, тірегіміз,
Арқа сүйеп алға еркін жүреміз.
Денсаулығың мықты болып жүзге жетсең,
Ең бақытты жан болып біз жүреміз!
Денсаулықты тілейміз қартаймайтын,
Шат көңілді тілейік ортаймайтын.
Бақытты да тілейік ең бастысы,
Абыройды тілейік шалқаймайтын.
Өзіңе қарап өсіп біз де келеміз,
Алып сенсің біздер ерген кемеміз.
Үлгі болар әр айтқан сөз ой толып
Сенен ғана бар биікті көреміз!
Мызғымайтын денсаулықты тілейміз!
О,Жаратқан,әкемізге бақ жиғыз.
Анамызбен қол ұстасып әрқашан.
Т/б: балалары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login