Ардақты әкеміз, аяулы атамыз Каржанов Медеужан Әлкейұлы! Сізді 63 жасқа толып, зейнет демалысына шығуыңызбен құттықтаймыз!
Әрқашанда жүзіңізден шат көңіл мен қуаныштың лебі есіп, әрбір күн баянды бақыттың әсем әуеніне бөлене беріңіз. Балаларыңыздың бақытын талай қызықтап, бақытты да берекелі шақтарда аман-есен жүріңіз.
Құтты болсын туған күн мерекеңіз,
Арта берсін ырыс-құт, берекеңіз.
Алла берген бағыңыз ортаймасын,
Әрқашан көңіліңіз қартаймасын.
Әлі де сан асулардан асыңыз,
Аққан судай қуанышпен тасыңыз.
Балалардың сый-құрметке бөленіп,
Орындалсын әлі талай арманыңыз.
Ақ тілектің сезінші шарапатын,
Арай нұрға бөленіп жан шуағын.
Ағайын мен туғандар ортасында,
Көріңіз өмірдің тек салтанатын.
Ақ тілекпен: жұбайы – Даркен,
балалары: Жанар, Талғат-Гүлнұр, немерелері: Данияр, Мөлдір.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login