Қаратал ауылының тумасы, Руы Сарым – Бұланбай, Төлендіұлы Махметтің дүниеден өткеніне 1 жыл толады.
Жылдық асы 8 қазан 2017 жылы сағат 11.00-де «АТТИЛА» дәмханасында беріледі.
Ағайын-туыс, құда-жекжат, жолдастарына, көршілерге, ауылдастарға хабарлаймыз.
Қысқа болды-ау ғұмырың,
Көрмедің ұрпақ қызығын.
Жатқан жерің жайлы боп,
Жәннатта болсын тұғырың.
Кетер ме мәңгілікке есімізден,
Байсалды, күлімдеген жарқын бейнең.
Топырағың торқа боп, қайран бауыр,
Мекенің Шығыс-Қоңыратта жұмақ болсын!
Қаратал құяр жерің Тоқырауын,
Ұмытпай еске алып отырамыз.
Артыңда бауырларың аман болсын,
Жамылған торқа болсын топырағың.
Хабарлаушылар: ағасы – Қәбет, аға-жеңгесі: Матай – Кәкен, бауырлары – Әния, Сания.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login