Руы Қырғыз – Естекі, қимас бөлеміз, нағашы бауырымыз Машенов Мақсат Мейрамұлының дүниеден өткеніне, тал бесіктен — жер бесікке жеткеніне 10 жыл.
Бала едік, балғын едік ойнап-күлген,
Тай-құлындай тебісіп, еркін өскен.
Тағдырға шара бар ма алыстатқан,
Күндер жылжи, 10 жыл өтті, өзіңді аңсаумен.
Өмір зулар, шаршамайды, талмайды,
Бүгініңді ертеңіңмен жалғайды.
Нәзік жүрек өзіңді сағынып,
Сағынышын бауырларың осы жырмен арнайды.
Бақ жұлдызың ерте сөнді көгіңде,
Қимайтұғын бауыр едің өлімге.
Жатқан жерің жайлы болып, торқалы,
Орның болсын пейіштің қақ төрінде!
Осылайша оздың мына өмірден,
Бірақ, бейнең кетпес мәңгі көңілден.
Бауырларың, бөлелерің тұрғанда,
Өшпес ізің, мәңгі қалар өмірде.
Бауырлардың, бөлелердің тірегі едің,
Тірі болсаң жарқылдап жүрер едің.
Болмасаң да бүгін біздің жанымызда,
Айтқан сөзің, тәтті күлкің жадымызда.
Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы,
Сағынышпен туғандары еске алады.
Өзіңмен өткен әрбір күндер,
Жадымызда мәңгіге сақталады.
Мұнша неге мезгілсіз,
Қысқа сенің ғұмырың?
Жиырма жасқа келгенде,
Үзілдің-ау, бауырым!
Сағынып, таусылардай көзің жасы,
Өмірдің тоқтағандай бар ағысы.
Елесің арман боп 10 жыл өткердік,
Қиылған бауырымының ғұмыр жасы.
Кетпейді құлақтан еш бөлек үнің,
Әттең-ай, кім білген жөнелерін.
Алладан медет тілеп дұға етеміз,
Туысқан, нағашы жұрт, бөлелерің!
Еске алушылар: нағашылары, бөлелері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login