Балқашта нан 5 теңгеге қымбаттады. Бүгіннен бастап 500 грамдық бір бөлкенің құны 62-65 теңгеден сатылуда. Елімізде бензин мен ұн құнының көтерілуіне байланысты Балқаш нан комбинаты бағаны 2 теңгеге қымбаттатты. Бүгінгі таңда зауыттағы көтерме баға 58 теңгені құрайды. Қазір өндіріс орнының өз сауда нүктелерінде нанның бір бөлкесі 62 теңге болса, қала дүкендерінде 65- теңге. Алайда, кәсіпкерлердің олай көтеруіне негіз жоқ. Өйткені, сауда орындарына ұн өнімдері тегін жеткізіледі. Соған байланысты әкімшілік қарамағынан құрылған арнайы топ дүкендерді аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізбек. Айта кетейік, бағаны екі жыл бойы тұрақты ұстап келген комбинат күніне 150 бөлке нанды тегін таратады. Ал нанды 62 теңгеге төменде көрсетілген мекен-жайлардан сатып алуға болады.
Байзақ Әлмағанбетов, қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің жетекшісі
« Қазіргі нарыққа байланысты қымбаттаудың себебі өздеріңіз білесіздер Балқаш қаласы нанға қажетті ұн өнімдерін алыстан басқа жақтан тасуға мәжбүр болып отыр. Бензиннің қымбаттауы себеп болып отыр. Ұнның бағасы қымбаттауы әсер етіп отыр. «Балқаш нан» ЖШС қалада сатылатын нанға екі теңге ғана қосып отыр».
«Балқаш нан» нан комбинатының нүктелерінде
Нан бағасы 62 теңге
«Ыстық нан»- «Балқаш нан» нан комбинаты
«Жаңа піскен нан » — орталық базар
Фирмалық павильондар: Русаков көшесі, 2
Мұхамеджанов мөлтек ауданы, 5
Сәбитова мөлтек ауданы, 6
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login