Руы – Тобықты-Манас — Тастемір, Шұбартау ауылының тумасы, ардақты ана, сүйікті жар, аяулы әже Исағалым келіні, Күмісбекқызы Орынкүлдің дүниеден өткеніне 40 күн болды.
Марқұмның аруағына бағышталған 40 күндік асы
8-қазан күні сағат 11.00-ден бастап
МЕШІТТІҢ КІШІ залында беріледі.
Ағайын-туыс, құда-жекжаттарға, көршілерге,
анамыздың және балаларының еңбек ұжымына,
барша танитын жамағатқа хабарлаймыз.
Өзің кеткелі өмірдің ұқтым бекерін,
Өзің кеткелі көз жасқа толды етегім.
Дұға бағыштап, жырымды енді арнаймын,
Білемін, ана, жұмақта сенің мекенің.
Анажан, шаңыраққа болдың пана.
Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.
Амал не, жоқсыз бүгін ортамызда.
Сағындық, ана, сізді баршамыз да.
Атыңды ардақтаймыз, қадірлейміз,
Өзіңнен артық жанды біз білмейміз.
Отыңды өшірмейтін өзіңе лайық,
Артыңда ұрпағың барын білсең дейміз.
Соңыңа қарайлама, алаңдама,
Оқытып, ер жеткізген балаң барда.
Жайлы боп, жатқан жерің иманды бол,
Пейіштен орын берсін бір Алла да!
Еске алушылар: жолдасы-Данияр (Данка), анасы – Нухан,
ұлы — Еренғайып, қыздары-күйеу балалары, немерелері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login