Еске алу Азамат Алдабергенұлы

Қимас әріптесіміз Азамат Алдабергенұлы Аксановты бүгін сағына еске аламыз.

Жанға жайлы мінезіңмен кең құшағыңды жайып жүрсең де, кең дүниеге сыймай, шын дүниеден тапқан мәңгілік мекенің жұмақ болсын.

Сенің салып кеткен ізің, ата-анаң мен бауырларың, шәкірттерің барда сені өлді деуге қимаймыз. Сен мәңгі біздің жүрегіміздесің. Жатқан жерің жарық, топырағың мамық болғай!

Асыл ұлдан үміт күткен ата-ана,

Боздап сені жоқтап жатыр не шара.

Сендей адал қызметкерін жоғалтқан,

Әріптестер көңілінде бір жара.

 

Біз де, сізге рақым тілейік, Тәңірден,

«Орын берші» деп Жәнәттің Һақ төрінен.

Рахат тапсын, жерге тиген ақ тәнің,

Шапағаты төгілсінші, Алла өзі түсірген.

Еске алушылар: КМҚҚ «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені» ұжымы.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture