Руы – Сарым-Шабанбай, сүйікті ұл, ардақты жар, асқар таудай әке, қадірлі ата Қасенбеков Сәкен Серікұлының қайтыс болғанына 40 күн толып отыр.
(14.02.1967-01.09.2017ж.ж.)
Қырық күндік асы 2017 жылдың 7 қазаны күні сағат 11.00-ден бастап АБЗАЛ дәмханасында берілетінін хабарлаймыз. Асқа туған-туыстарды, құда-жекжаттарды, Сарытерек ауылының тұрғындарын, балаларының еңбек ұжымдарын, сыныптастарын, жора-жолдастарын, барша танитын жамағатты, көрші-қолаңды шақырамыз.
Ажал неткен рахымсыз ең қас-қағым,
Жаралап кеттің, балалардың жас жанын.
Қоштаса алмай ата-ана, жан-жарың,
Арманда қалдық, қарындас пен бауырың.
Отымыздың алды, суымыздың тұнығы едің құлыным,
Көрсеткен алғаш немеренің қызығын.
Су ішкізіп алақанымен шөберенің,
Көре алмай кеттің біз көрген өмір қызығын.
Жаныңа пана бола алмадық құлыным,
Ажал саған үйе салды құрығын.
Немерелерің есікке қарап елеңдеп,
Тосып отыр келеді деп Атасын.
Ақылшысы, тірегі едің әулеттің,
Тереңнен ойлап, ақылмен бәрін шешетін.
Жинап алып, бала-шаға туысты,
Келмей қалса, алаңдап бәрін іздейтін.
Алланың сүйген құлы болдың құлыным,
Егілді елің, жора-жолдас, туысың.
Жан тапсырып қасиетті айт күні,
Пейіштен болар, мәңгілік сенің тұрағың.
Өмір-өзен жылжып ағып барасың,
Баласын алып, жылатпасын анасын.
Құдай ісі байғазы деген осы екен,
Зар боп қалдық жоғалтып көздің қарасы.
Әкеге арнау.
Балаң үшін әке, көңілің таза аппақ қардай еді,
Біздерге мінезің жайма шуақ жаздай еді.
Сене алмай жүрміз жымиып үйге кіріп келер деп,
Елеңдеп жүрміз, сағынып жүрміз, қамығып жүрміз әкетай.
Есікке қарап немерелерің аталап іздеп жүр,
Соларды көріп ата-әжем, анашым, балаларың мен бауырларың қия алмай.
Сағынып көздің жасын тыя алмай,
Сағыныш әнін жырлап жүр.
Кенжетайың Бекзат.
Жаның жәннатта, тәнің рахатта болсын, — деп тілейміз бала-шаға, қарындас пен бауырың.
Хабарлаушылар: әке-шешесі: Серік-Орал, жолдасы – Аққайша, бауырлары, балалары, Қасенбековтер әулеті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login