Аса құрметті құдамыз Утегенов Эсмурат Баирович! Бүгінгі 50 жас торқалы тойыңызбен құттықтаймыз! Жасыңыз өссе де көңіліңіз қартаймасын дей келе, алдағы 80, 90 жас асуларынан сүрінбей өтіп, 100 жасқа да жетуіңізді шын жүректен тілейміз!
Құрметті, Құда,
Сыйласып, сіз-біз десіп, сыр алысар,
Бақыт қой құдаң болса құрақ ұшар.
Құйғытып елу деген бір ақ боз ат,
Астынан алты қырдың қылаңытар.
Сүрінбей келе жатсың талай сыннан,
Жарқылдап, ажарыңа арай тұнған.
Құданың сыйластығы мың жылдық деп,
Дана сөз қалай ғана дәл айтылған.
Армандар жетелейді тым алысқа,
Жүре бер ел-жұртыңа құрақ ұш та.
Шаңыраққа шалқыған шаттық келіп,
Басымыз қосылсын тек қуанышқа.
Тілек білдірушілер: құда-құдағи: Мекен-Бағлан, балалары: Азамат-Қаракөз, Сымбат, Нұрайым, немересі: Айару.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login