Құттықтау Абдыханова Гүлмира Смағұлқызы

Бүгін бірімізге аяулы ана, бірімізге адал жар, біріміздің әжеміз Абдыханова Гүлмира Смағұлқызын 55 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз! Құрметті анашым, асқар таудай әкемізбен бірге өмірдің өрінде, отбасы төрінде, қартаймай, нәсібеңіз ортаймай жүре беріңіз!

Туған күнің сенің бүгін қуанған,
Жасыңа жас қосылсын тек жүр аман.
Асқар тауым әкемменен қос биік,
Болып жүрші, саған ғана жұбанам.

 

Ештеңені аямаған баладан,
Әлемдегі ең сүйкімді дара жан.
Шын көңілден құттықтаймын мен сізді
Мейрамыңыз құтты болсын, Анажан!

 

Құтты болсын 55 жасыңыз,

Өрге қарай домаласын тасыңыз.

Туған-туыс ортасында сыйлы боп,

Жетпіс, сексен, тоқсан, жүзден асыңыз!

 

Ұрпағыңның асқар таудай арманы,

Тек өзіңсің шаңырақтың қорғаны.

Біз қасыңда ойнап-күліп жүрейік,

Асыл ана, аман жүрсең болғаны.

 

Сіз біздің күнімізсіз жарқыраған,

Анадан қуат алған жарты ғалам.

Құны мен қасиеті тозбайтұғын,

Біз үшін «Ана» деген алтын адам.

Т/б: жолдасы – Қабілет, балалары: Қайрат-Құралай, Жалғас, немерелері: Айару, Кәусар.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture