Көршісінің итін өлтірген балқаштыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. «Жануарға қатыгездік жасау» бабы бойынша айып тағылған болатын. Енді оған тағылған кінә «бұзақылық» және «адам өміріне қауіп төндіру» секілді ауыр баптарға ауыстырылды. Енді қастандыққа барған тұрғын бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Елді шулатқан оқиға қыркүйек айының ортасында болды. Иесімен бірге даладан келе жатқан итті осы подъезде көршісі пышақтап өлтірді. Себеп үстіңгі қабатта тұратын жануар, оның тыныштығын алған. Пышақ иттің бүйрегіне тиген екен. Содан хаски қан жоғалтып өледі.
Виталий Еремин – ит иесі
«Көршіміз итті өлтіретінін айтып үнемі қорқытатын. Сол күні иттің жанында әйелім болды. Олар, қаша жөнелген. Итті ветеринар дәрігерге апарғанымен, оны құтқара алмады. Көп қан жоғалтқан».
Бұл оқиғадан кейін жануарға қатыгездік жасау бабы бойынша іс қозғалды. Ал бұл Заң бойынша ол не айыппұл төлейді. Не болмаса қоғамдық жұмысқа жегіледі. Немесе екі айға қамауға алынады.
Алайда, қазір іс басқа бапқа ауыстырылды. Күдіктіге қатысты адам өміріне қауіп төндіру және пышақ қолдану арқылы бұзақылық жасау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соңғысы бойынша қатыгез көрші 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Нұржан Жанабаев – Қалалық прокуратураның прокуроры
«Қазір бұл іспен тергеушілер айналысып жатыр. Олар барлық қатысушыларды тергеп, сараптама жұмыстарын тағайындайды».
Еске сала кетейік Балқаш тұрғыны көршісінің итін пышақтап өлтірген болатын.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login