Балқашта бассейннің ашылуы кейінге шегерілді

Қаладағы ең үлкен бассейннің құрылысы 65 пайызға дайын. 5 бригада қараша айына дейін монтаждық жұмыстарды аяқтап, әктеу-сырлау, кафель жабыстыру секілді істерге кірісетін болады. Ел асыға күткен хауыз жаңа жыл қарсаңында есігін айқара ашпақ. 6 ай бойы созылып жатқан құрылыс жайында келесі сюжетте.

Екі қабатты ғимараттың бұл бұрышы бассейннің жүрегі. Онда мамандар ескі кірпіштерді бұзып, жаңасын қалауда. 11 метрлік қабырғаны бүгін тұрғызып бітеміз деп отыр.Содан кейін 5 адам екі күнде ғимараттың төбесін жауып, ішкі құрылысына кірісетін болады.

Мейрам Жазыбеков- құрылыс прорабы
«Қазір жасап жатырмыз.Ол біткеннен кейін ферманы қоямыз.5 фермамыз бар.Үстіне плитасын жабамыз. 48 плита болады. Осының бәрін осы айдың аяғында, ноябрьде бітеміз.Общий жауып. Ішкі жұмыстары қатар жүріп жатыр». 

Хауыздың сыртқы құрылысымен бірге ішкі жұмыстарыда қатар іске асуда. Қазір құрылысшылардың бір тобы бірінші қабаттағы үлкен залдың еденін төсеуде. Ол үшін ең бірінші 540 шаршы метр еденге 103 тонна цемент құйып, тегістемек.

 Мейрам Жазыбеков- құрылыс прорабы
«Біз бассейннің бірінші қабатында тұрмыз. Бұл жерде стяжка жүріп жатыр. Бетонный жұмыстар. 2-3 күнде бітеміз.Одан кейін кафельный жұмыстар басталады. Бұл жерде кафе-бар болады балаларға, әкімшілік болады». 

Жалпы аумағы 2200 шаршы метрді құрайтын хауыз 65 пайызға дайын. Осы аптада нысан орталық жылу жүйесіне қосылып, кафельдер жабыстырылатын болады. Терезелер орнатылып, есіктер салынады. Қараша айына дейін 30 шақты құрылысшы монтаждық жұмыстарды толық аяқтайды. Әктеп, сырлап жаңа жыл қарсаңында есігін айқара ашады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture