Шашубай кентінде жеңіл автомобиль қоғамдық көлікке соғылды

Қоғамдық көлік қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды. Шашубай кентінде автобусқа Мазда соғылды.Түскі сағат үштің кезінде №3 автобус аялдамаға бара жатады. Сол сәтте бұрылыстан Мазда шығып, басты жолға түспек болады. Алайда, жеңіл көліктің 34 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай автобустың сол жағына соғылады. Салдарынан екі көлікте майысып қалды. Бірақ, екі жүргізуші, автобустағы кондуктор мен бір қыз бала зардап шекпеді. Қазіргі күні жол көлік оқиғасына кінәлі Мазда иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды.Себебі, ол тұлпарын мас күйінде басқарғандығы анықталды.

Данияр Кенжебеков- Ақтоғай ауданы ІІБ учаскелік инспекторы
«Бұл жол көлік оқиғасына қатысты ҚРӘҚК 608 бабы 3 бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып,қазіргі таңда заңды шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.0300 Жол көлік оқиғасына Мазда жүргізушісі кінәлі.Себебі автокөлікті мас күйінде басқарған».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture