Балқаш көлінде жоғалған балықшылардың туысқандары көпшіліктен көмек сұрайды. Өйткені, 6 күн бұрын балыққа шыққан 20 жастағы екі жігіттен әлі күнге дейін бірде-бір ақпарат жоқ. Сондықтан, тұрғындар іздеу жұмыстарына ат салысса екен дейді. Еске сала кетсек, Тасарал кентінің тұрғындары жексенбі күні таңертең көлге шыққан.Маторлы қайықпен балық аулап қайтамыз деген. Кешке келмеген соң туысқандары мамандарға дабыл қаққан. Алайда, құтқарушылар жұмыстарына бірден кірісе алмады. Қолайсыз ауа-райынан, желдің қатты болуына байланысты екі күн өткен соң ғана іздеуге кірісті. 4 күн бойы көлді аралаған мамандар тек қайықтың багын ғана тапты.
Дархан Қуанбаев- судан құтқару бөлімінің басшысы
«Тасарал маңында жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр .Тасарал бухтасы, Саршыған. Сарытұмсық мекені, Приозерск қаласының маңайында қарайлауда. 220 км.аумақ жер қаралды. Іздестіру жұмыстары нәтиже берген жоқ. Әрі қарай жалғастырамыз».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login