Балқашта қарияларға арналған клуб ашылды. Мұндай игі істі ұйымдастырушылар №1 емхана. Зейнеткерлерге, жалғыз басты қарияларға арнайы кабинет ашып берді.
Медициналық ұйым жетекшілері бөлмеге жұмсақ жиһаз әкеліп, сөрелерді түрлі кітаптарға толтырып қойған. Мұнда қарттар бір аптада екі рет бас қосады. Сейсенбі және жұма күндері. Бір-бірімен танысып қана қоймай, әңгіме-дүкен құрып, дойбы, шахмат секілді ойындар ойнайды. Дәрігерлер де зейнеткерлермен тығыз жұмыс жасайды. Әр кездескен сайын дұрыс тамақтану жолдары, салауатты өмір сүру секілді тақырыпта түрлі әңгімелер өрбітеді. Әзірге «Алтын жас» деп аталатын клубқа 20 шақты адам мүше. Деседе, №1 емханада емделетін басқа да қариялар мұнда келіп олардың қатарын көбейте алады.
Мираш Шенсізбаева-«Алтын жас» қарттар клубының мүшесі
«Бұл клубтың көп адамдарға пайдасы тиеді деп ойлаймын. Өйткені жаңа беріп жатыр қарт ададар қалай тамақтану керектігін, барлығын бізге айтып білуге көмектесіп жатыр. Келіп тұрамыз, бізден көмек керек болса, көмектесеміз».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login