Балқаш жылу маусымына 100 пайызға дайын! Коммуналшылар осылай деп уәде беріп отыр. 6 айға созылатын жылу маусымына мамандар сәуір айынан бастап дайындалған. Ал, сол уақыт аралығынай қандай жұмыстар атқарылды? Көптен күткен жылу қашан беріледі?
Жылу маусымына жауапты басты мекеме «Су Жылу Транс» дайындықты магистральды желілерді тексеруден бастаған. Нәтижесінде ақау шыққан жерлерді анықтап, қала бойынша 10 шақырымға созылатын магистарльді және кварталдық желілерді жаңасына ауыстырған. Оған 140 млн қаржы жұмсалыпты.
Бейсенбек Сармантаев-Су жылу транс КМК директоры
«Бұдан басқа бізде қалада 5 насостық станция бар. Құбырлардың барлығы да насостардың барлығы ревизиядан өтті. 100 пайызға олар да дайын отыр».
Көптен күткен ыстық су да келді. Алайда, 2 мен 5 қазан аралығында қайта сөндірілмек. Себебі жылу трассасын тазалап, жуу қажет. Ал жылу болса 5 қазан күні беріледі деп жоспарлануда. Бірінші кезекте мектеп, аурухана, балабақша секілді әлеуметтік нысандарға жетеді. Қоңырат м\а мен Саяқта жылу маусымы 10 қазанда басталады. Деседе, бәрі ауа-райына байланысты.
Бейсенбек Сармантаев-Су жылу транс КМК директоры
«Мұның барлығы даладағы сыртқы температураға байланысты. 5-нен бастап қалада жылу маусымын беруге жарайтын температура келейін деп тұр. Температура 3 тәулік бойы 8 градусты көрсетсе, біз тәртіп бойынша жылу маусымын бастауымыз керек».
Ал Балқаш Универсал мекемесі үй астындағы құбырларды жылылап, ақау шыққан жерлерді жамап, соңғы дайындық жұмыстарын жүргізуде. Қаладағы 346 көпқабатты үйге жауапты ең үлкен КСК жаз бойы жертөледегі желілерді жаңалап, кейбір тектіктерді ауыстырған. 4 үйді толықтай жөндеуден өткізген.
Думан Битанов-«Балқаш Универсал» ЖШС директор м.а
«Жылу трубаларын ішіндегі винельдер, задвижкалар бәрі 100 пайызға ауытырылады. Ондай жөндеуді біз жылына 1-2 үйге жасап отырамыз. Әр түрлі. Кейде көп кетеді. Мысалы, биылдан бастап бұрынғы задвижкаларды жаңасына ауыстырып жатырмыз. Көп жерлерде».
Балқаш «Жылу Электр Станциясы» да жылу беруге сақадай сай. Қаланы толық қамтып отырған мекеме қазандықтар мен трубиналарды жөндеуді аяқтады. 212 мың тонна көмір мен 900 тонна мазут жеткізді. Алайда, бұл қор 2.5 айға арналған. Сол себепті оның үстіне тағы 500 мың тонна көмір мен 600 тонна мазут әкелінбек.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login