Елімізде «Аңсар» әдеби сайысы бастау алды.Оған балқаштық қаламгерлер қатысып, үміткер атануға мүмкіндіктері бар. Ол үшін 14 пен 29 жас аралығындағы жас жазушылар, ақындар мен көсемсөз шеберлері өтініш білдіруі қажет. Ол үшін ең бірінші konkursansar.kz сайтына кіріп, 22 қазанға дейін анкета толытыру керек. Содан кейін әрбір қатысушы проза, поэзия және көсемсөз атты үш санаттың талаптарына сәйкес мақала-жазбаларын жібере алады. Ал жиналған өтінімдерді қазылар алқасы қарап, ішінен 50 үздік жұмысты іріктеп алады. Мықтылар Астана қаласында жарияланады. Жеңімпаздар 50,70,100 мың теңге аралығындағы ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login