Балқаш жаңалықтары 25 қыркүйек 2017

Көлікпен баланы қағып кеткен әйел 1 жыл жүргізу куәлігінен айырылды. 34 жастағы келіншек кінәсін мойындамағанымен, сот шешімі шығарылды.

Демалыс күндері жазық далада алапат өрт болды. Бір күнде болған екі қызыл жалыннан абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.

Балқашта электр энергиясының құнын көтеру жоспарлануда. Қазэнергоцентр осы мәселе бойынша қала тұрғындарымен кездесті.

Балқашта үш тілде сөйлейтіндер клубы құрылды. Атауы «English Time».

Көркем әдебиет саласында тынбай еңбектеніп келе жатқан ақын Баянғали Әлімжанов балқаштықтармен кездесті.

Биыл Ақжолтай Ағыбай батырдың туғанына 215 жыл. Соған орай тәуелсіздік алаңында қала тұрғындары мен бірге баба ұрпақтары бас қосты.

Балқашта аламан айтыс өтті. Еліне қалқан болған Ағыбай батырдың 215 жылдығына арналған сөз сайысына еліміздің түрлі өңірінен 8 ақын келді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture