Балқаш көлінде екі адам жоғалып кетті

Балқаш көлінде тағы да екі адам хабар-ошарсыз кетті. Осыдан екі күн бұрын балық аулаймыз деп кеткен 20 жастағы екі жігітті іздеу шаралары тек бүгін басталды. Себебі ауа райының қолайсыздығына байланысты мамандар көл бетіне шыға алмады. Екі жігіт Тасарал кентінің тұрғындары. Олар 24 қыркүйек күні таңертең көлге маторлы қайықпен шыққан. Кешке қайтып келеміз деп келмеген. Оған алаңдаған туысқандары құтқарушыларға дабыл соққан. Алайда, мамандар тек бүгін түстен кейін «Ореон» қайығымен іздеуге кірісті.

 Дархан Қуанбаев- судан құтқару бөлімінің басшысы
« Іздестіру жұмыстары екі күн басталған жоқ.Себебі, толқынның биіктігі 1метрден асып кеткендіктен жәнеде қазіргі таңда іздестіру жұмыстары басталып жатыр.Толқынның, желдің күші азайғаннан кейін.Бүгінде тасарал кентінің маңындағы бұғазға барып тұрады. Ертеңнен бастап іздеу басталады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture