Балқашта Ағыбай батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Батырға тағзым. Биыл Ақжолтай Ағыбай батырдың туғанына 215 жыл. Соған орай тәуелсіздік алаңында қала тұрғындары мен бірге баба ұрпақтары бас қосты. 40 жыл бойы аттан түспей елді қорғаған қазақ баласын еске алуға еліміздің түпкірінен халық жиналды. Себебі, Ағыбай батыр ескерткіші Қазақстан бойынша тек Балқашта бар. Өйткені,ат үстінде отырып, қолына найза ұстаған батыр соңғы жылдарын шаһар қасындағы Тасарал кентінде өткізген. Сондықтан, 2007 жылы баба ескерткіші қаланың дәл ортасына орнатылды. Осыны ескере отырып, дәстүрге айналған мерейтой күні батыр ұрпақтары гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

БОРИС ЖАПАРОВ- ҚР ПРЕЗИДЕНТІ МҰРАҒАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Негізі ол кісінің туып өскен жері жорықтары Орталық Қазақстан,Сарыарқа жерімен байланысты.Өзінің кейінгі өмірін, соңғы жылдарын тұрған жері Тасарал жаз жайлауы Таятқан шұнақ.Сондықтан осы көкше теңіз Балқаштың жағалауына , қаланың қақ ортасынан ескерткіштің ашылуының да тарихи себептері бар». 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture