Балқаш маңында жазық даланы өрт шалды

Демалыс күндері жазық далада алапат  өрт  болды. Бір күнде болған екі қызыл жалыннан абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ, даладағы екі өртті ауыздықтау үшін мамандар 18 сағат уақыт жұмсады.Бірінші тілсіз жау қаладан 30 шақырым қашықтықта, Қоңырат жақта орын алды. Әпсәтте 40 гектарға шарпыған қызыл жалынды сөндіруге мамандар мен бірге тұрғындар да ат салысты. Дегенменде, 5 арнайы техниканың көмегімен өрт 10 сағатта толық ауыздықталды. Ал екінші тілсіз жау Балқаштан 20 шақырым жерде басталды. Жазық даладағы шөп 10 гектарға жайылып, 14 сағатта сөндірілді.

Олег Грабовский – ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы
«Өрттің ұзақ болып жануы және көп жерге жайылуына қатты жел әсер етті. Сөндіруге біраз кесірін тигізді. Бірақ барлық өртті ауыздықтап үлгердік. Бастысы зардап шеккендер жоқ».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture