Қаржылық қиыншылыққа байланысты бірнеше ай бойы тоқтап қалған іс қайта жанданды. Томпиев көшесіндегі 5 үйдің алдына балалар алаңы тұрғызылды. Заманауи спорттық –ойын алаңқайы көп бүлдіршін үшін арналған. Онда көпқабатты бірнеше үйдің кішкентай тұрғындары ойнай алады. Сонымен қатар бітпей қалған абаттандыру жұмыстары да жалғасуда.
Көптен бері күткен ойын алаңы балғындардың үмітін ақтады. Себебі, көп жүйелі құрылғылар әртүрлі жасқа арналған. Ересектер белтемірге тартылып, денелерін шынықтырса, кішкентайлар сырғанап, әткеншек тебе алады. Ата-аналар үшін демалыс орны қарастырылған. Қоса кету керек, алдағы күні дәл осындай алаң тағы 6 аулада пайда болмақ.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login