Бектау-ата маңында жол апаты орын алды. Оңтүстікке бағыт алған көлік ішінде бір топ адам зардап шекті. 28 жастағы келіншек тас жолда қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша, »Toyota» маркалы көліктегілер Астанадан Шымкентке бара жатқан. Таңғы сағат 9-да Бектау-атаның қасынан өткен уақытта, көліктері аударылған. Оқиға орнына бірден екі жедел жәрдем тобы келгенімен, бір жолаушының өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. 28 жастағы келіншек тас жолда көз жұмды. Ал 32 жастағы жүргізуші, 3 айлық нәресте мен 1 және 3 жас аралығындағы үш бүлдіршін Балқаштық ауруханаға жеткізілді. Денсаулықтары қалыпты, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Қуат Хайдаров – ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы бойынша апаттық және медициналық орталық жетекшісі
«Бір бригада мәйітті қараған.1989 жылғы 28 жастағы Астана қаласының Сарыарқа ауданының тұрғыны. Бригадалар өміріне зақым келген адамдарды Балқаштың емханасына жеткізген».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login