Балқаштықтар ең үздік бейнеролик байқауына қатыса алады

Қаланың меретойына орай ұйымдастырылған байқауға өтініштерді қабылдау мерзімі ұзартылды. Үздік басылым , үздік бейнеролик, үздік жоба байқауына қатысамын дегендер құжаттарын 1 қарашаға дейін өткізе алады. Бірақ талапты ескеру қажет. Мәселен, менің сүйікті қалам тақырыбындағы бейнеролик 5 минуттан аспауы тиіс. Онда қаланың тарихы мен көрнекті жерлерін ел назарына ұсыну керек.Ал дәл осы атауды қаламын серік еткен жандар қағаз бетіне түсіре алады. Алайда,мақала 4 мың сөзден аспауы қажет. Қаламызда  тұрғызу керек,  жоқ деген тың жобалар да сайысқа қатыса алады. Үш байқауға жастан бастап еңкейген кәріге де үміткер болуға мүмкіндік бар. Өтініштер қалалық ішкі саясат бөлімінде қабылданады.

Айнұр Медет-Жастар ресурстық орталығының директоры
«Құжатты қараша айының 1-не дейін қабылдаймыз. Барлық балқаш қаласының тұрғындарын осы үш байқауға қатысуға шақырамыз.Осы байқаулардың қорытындысы 16 қараша күні салтанатты түрде жарияланады. Бағалы сыйлықтармен марапатталады». 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture