Балқаштық ата-аналар бала тәрбиелеудің жолдарын тегін үйрене алады

Былтырдан бері енгізілген «Сырттай балабақша» бағдарламасы септігін тигізуде. Онда ата-аналар өз беттерімен балалармен жұмыс істеп, дамуы үшін барлық жаттығу- кеңестерді үйренуде. Сондықтан, осындай игі іс бүгін «Бөбек» балабақшада бастау алды.

Ата-аналар мен мамандардың алғашқы кездесу балаға ас беру тақырыбында өтті. Егер бүлдіршін тамақтанудан бас тартып, жылап, еркелеген жағдайда не істеу керек?Мұндай мәселені қалай шешуге болады.Мамандар оның сырларын тренинг арқылы жеткізді. Сырттай балабақшаға келген 50 ата-анаға шешу жолдарын көрсетті.

 Назира Бизақова – жобаға қатысушы
«Менің балам үш айлық. Балама қалай екі ай болды содан бастап осы сырттай бала бақшаға келіп жүрміз. Бұл балабақшаның бізге беретіні өте көп. Оның әртүрлі методтар арқылы балаларға ойындар ойнатуға балабақшаға бейімдеуге үйретеді».

Осындай кеңес беру жобасы қаламызда былтырдан бері жұмыс істейді. Қазіргі күні 17 облыстық, екі балқаштық балабақша ата-аналарды сырттай үйретуде. Ал егер балаңыз балабақшаға әлі бармаса, тәрбие беру жолдарын, қалыптастыру нұсқаларын жеке үйреткіңіз келсе-сіз де осы орталыққа келе аласыз. Семинар тегін.

Алмагүл Бугубаева– облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері
«Қазір жас ата-аналар көп. Балабақшаларға тұру үшін кезекті күту керек. Ал күнде қолы тие бермейтін ата-аналар жетерлік.Сондықтан баланың қалыптасуы, өмірге биімделуі үшін осы жоба енгізілді. Балаға телефон бермей, дұрыс тәрбиелеу керек». 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture