Балқашта ең үздік жас отбасы анықталды. Кеше жанұялар арасында спорттық сайыс өтте. Онда қатысушылар ептіліктерін, жылдамдықтарын, мықтылығын көрсету үшін барларын салды.
Байсақаловтар отбасы сайыс алдында дайындықтарын пысықтауда. Үйленіп, үй болғандарына 6 жыл болған жанұя команда болып жұмыс істеуді жақсы біледі. Үйдің ең кішкентай 5 жастағы Әдемау да бүгін жеңіске жетуге барын салмақ.
Серік Байсақалов-«Жас отбасы» байқауының қатысушысы
«Дайындық ретінде қызымды спортзалға апарып, үйде жаттықтық. Біз енді бірінші орынға үміттенеміз. Көреміз».
Жеңіске жету үшін 5 кезеңнен сүрінбей өтіп, мәреге бірінші болып жету қажет. Ол үшін қасықты бір-біріне жылдам жеткізіп, шеңберді белден, допты қолдан түсірмей белгілі бір қашықтықты бағындыру керек.
Айнұр Медет – Жастар ресурстық орталығының директоры
«Жас отбасы сайысы осындай спорттық байқауы түрінде өтті. Ата-аналар өз балаларымен қатысты. Байқау өте тамаша көңіл-күйде өтті».
Сайыстың нәтижесі бойынша бірінші орынды Байсақаловтар отбасы жеңіп алды. Оларға сый ретінде теледидар табыс етілді. Ал, екінші орынға жайғасқан жанұя мультиваркаға ие болса, үшінші орын иегерлеріне сыйға өтек берілді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login