Балқаштық ата-аналар жаңа күнделік іздеуге мәжбүр

Балқаштық ата-аналар 5 күндік оқу аптасына арналған күнделік сатып алуға мәжбүр. Себебі мектепте осыны талап етуде. Алайда, базарда оның құны шарықтап тұр. 800 теңге.

Неля Вайс қыркүйек айынан бері оқу-құралдарын сатататын дүкендерді торауылдаумен жүр. Мектепте жиенінен 5 күндік күнделік талап еткен. Содан бері базарға күнде келеді. Жаңа күнделіктің келуін 20 күн күтіпті.

Неля Вайс – Балқаш тұрғыны
«Жиенім бесінші сыныпта оқыған. Мұғалім оларға әкелмесеңдер, 2 қоямын деп қорқытып қойған. Ал күнделіктер енді ғана сатылымға түсіп жатыр».

Ал базарда жаңа күнделіктің құны шарықтап тұр. Сатушылар сырты жұқа кеңсе тауарын 800 теңгеге сатуда. Айтуларынша, жаңасын осы жолы қымбатқа әкеліпті. Себебі Алматыда да баға көтерілген.

Сатушы: «Елдер ойлайды үстінен қаншама ақша түсіп жатыр деп. 100 теңге түссе түседі, түспесе олда жоқ. 120 теңге ғана үстінен түсіп тұр. Оның өзі жолға кетіп қалады».

Алайда, тура осы күнделік арнайы дүкендерде екі есе арзан болып шықты. Базардағыдай 800 емес, бар болғаны 450 теңге. Дүкеншілер оның себебін баспадан сатып алатындықтарымен түсіндірді.

Ал сырты қатты 6 күндік ескілерінің ең арзаны 80, ең қымбаты 400 теңге тұрады. Тіпті министірліктегілердің өзі әдеттегі күнделікті қолдануға рұқсат беріп, жаңа нұсқасын сатып алудың қажеті жоқ екендігін айтқан болатын. Алайда, балқаштық мектептер жаңасын талап етуде. Ал қалалық білім бөлімі болса, білім ордаларының ондай талап қоюына құқы жоқ дейді.

Айдос Қуанышбеков-білім бөлімі жетекшісінің орынбасары
«Жаңа күнделік не болмаса ескі күнделікті қолдану туралы шешімді әр сыныптың ата-аналар комитеті қабылдайды. Біздің тараптан мектептерге ондай талап қойылған жоқ. Сондықтанда 6 күндік ескі күнделіктерді де қолдана беруге болады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture