Саяқ кентінде ауыз су мәселесі шешілуде

Жылдар бойы ауыз су тапшылығын көрген саяқтықтардың мәселесі шешілді. Жер астынан барлау жұмыстарын жасаған геологтардың тәжірибесі оң нәтижесін берді. Мамандар 14 ұңғыманың 8-інен су тапты.Оның біреуі бір секундта 10 литр су беретінін дәлелдеді. Ал,жалпы жоба бойынша тереңдігі 200 метрлік 20 ұңғыма қазылуы тиіс. Бүгінгі күні оның тек 14-і тексерістен өтті. Сондықтан, геологтар әлі де барлау жұмыстарын жасайды. Содан кейін комиссия шешімі келер жылы шығарылады. Сондықтан, әзірге кент тұрғындары Тоқыраунан келетін су таратқыштан нәр ала алады. Әрине, ондағы құбырлар 90 пайызға ескіргені де сөзсіз анық.

 Мақсат Жүнісов – Саяқ кентінің әкімі
«Келер жылдың көктем, жаз мезгілдерінде ұңғымаларды қайтадан қазып тексеру керек. Судың қанша шығатынын есептеу қажет. Егер комиссия шешімі бойынша жетелікті деп бағаланса, жөндеу жұмыстарына кірісеміз. Ғимарат тұрғызуды бастаймыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture